«Ақпараттық жүйелердегі қауіпсіздік» атты қысқы мектебі
«Ақпараттық жүйелердегі қауіпсіздік» атты қысқы мектебі
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4 Сапалы білім) бағытында қысқы мектептің жұмысы қорытындыланды және қатысушыларға сертификаттар табысталды. 2026 жылдың 26 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің базасында Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының ұйымдастыруымен И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің 590100 «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығының 3-курс студенттері үшін «Ақпараттық жүйелердегі киберқауіпсіздік» атты қысқы мектеп өтті. 72 сағат көлеміндегі білім беру бағдарламасы ақпаратты қорғау және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы заманауи кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталды.
Қысқы мектептің дәрістерін кафедра оқытушылары – техника ғылымдарының кандидаты доцент Жидекулова Г.Е. және PhD Кенжебаева М.О. жүргізді.
Басқа жаңалықтар