«Уақытты басқару және өнімділік арттыру»
Сәуір айының 2 жұлдызында &ܴ;6В05301-Химия&ܴ; мамндығының 4 курс студенттеріне «Уақытты басқару және өнімділік арттыру» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге уақытты тиімді жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, оқу процесіндегі өнімділікті арттыру жолдарын түсіндіру және жеке жауапкершілікті дамыту болды. Кураторлық сағат барысында студенттерге уақытты басқарудың негізгі әдістері мен принциптері таныстырылды. Атап айтқанда, күнделікті жоспар құру, тапсырмаларды басымдық бойынша бөлу, уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ оқу мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды.
Студенттер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты. Сонымен қатар, уақытты дұрыс ұйымдастырудың оқу жетістіктеріне оң әсер ететіні атап өтілді.
Куратор-эдвайзер: х.ғ.к., доцент Смагулова Н.Т.