БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК — ҚазҰУ

91ý

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

3 сәуір 2026
БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

2026 жылғы 3 сәуір күні И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында «Бала құқығын қорғаудағы серіктестік: бірлік пен қамқорлық» тақырыбында ашық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің оқытушылары және қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – бала құқықтарын қорғауда мемлекет пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект саласындағы білімді жетілдіру болды.

Іс-шара кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының докторы, профессор Гульдана Амангельдиевна Куаналиеваның алғы сөзімен ашылды.

Кездесуде құрметті қонақ - «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмінде басты рөлді қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері және тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Байғали Мақұлбекұлы Есенәлиев қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде бала тәрбиесі және ұлт тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды.

Іс шара барысында аға оқытушы Айнаш Акимсаловна Есекеева Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты аясындағы серіктестіктің аясында бала құқықтарын қорғаудың негізгі қағидалары мен еліміздегі құқықтық базасы туралы баяндама жасады. Ал профессор м.а.  Қалымбек Бақытжан цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллекттің қазіргі құқықтық тәжірибедегі рөліне тоқталды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамынан Г.Т. Айгаринова, Қ.М. Қожабек,  Г.К. Рашева, М.С. Құрманжан және И.Б.Шапкатова жасанды интеллектті пайдалану арқылы бала құқықтарын қорғаудың инновациялық тәсілдерімен таныстырды.

Кездесу ашық пікірталас форматында жалғасып, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап алды. Іс-шара соңында ұсыныстар айтылып, серіктестікті дамыту жолдары талқыланды.