Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде сенбілік өтті
2026 жылдың 4 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында сенбілік өткізілді. Оған филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары белсене қатысты.
Құқық факультетінің студенттері Тұрғанов Диар, Тұрғанбай Дияр және Ықыласбек Нұржігіттің қатысуын ерекше атап өту қажет. Олар оқытушыларға аумақты тазарту, университетке іргелес аумақтарды ретке келтіруге белсене көмектесті. Студенттер өздерінің сенбілікке қатысуын жатақханаға деген құрметінің белгісі ретінде санайды, бұл олардың ортақ үйімізді таза әрі көркем етіп ұстауға қосқан үлесі болып табылады.

Сенбілік жылы әрі достық атмосферада өтті, бұл ұжымдық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетіп, тазалық пен тәртіпті сақтауға деген көзқарасты арттырды. Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары студенттердің қатысуы жұмысты айтарлықтай жеңілдетіп қана қоймай, әр түрлі факультеттер арасында командалық рухты нығайтқанын атап өтті. Барлығы да атқарылған жұмыстардан жағымды әсер алды.
Шетел тілдері кафедраның аға оқытушылары К.А Жиреншина., Д.М. Махметова
Басқа жаңалықтар