«Таза Қазақстан» акциясыFarabi University

91ý

«Таза Қазақстан» акциясы

4 сәуір 2026
«Таза Қазақстан» акциясы

2026 жылғы 04 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалық сенбілікке белсене қатысты.
Акцияға 1 курс студенттерінің куратор-эдвайзерлері Б. Калымбек, Н.Т. Елеусизова, А.А. Кудайбергенов, А.А. Есекеева жетекшілік етті. Студенттер өз оқу тобы бойынша белсенді түрде ат салысып, қаланың тазалығын қамтамасыз етуге үлес қосты.
Мақсаты:
- Қалалық аумақтарды, саябақтарды және көшелерді тазалау арқылы қоршаған ортаны қорғау.
- ⁠Студенттерде экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру.
- ⁠Университеттің әлеуметтік және азаматтық белсенділігін арттыру.
- ⁠Қоғамдық іс-шараларға қатысу арқылы студенттердің бірлігін, ынтымақтастығын және командалық рухын дамыту.
Осы іс-шара барысында кафедра ұжымы мен студенттер өз үлестерін қосып, «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау мен таза қала құру идеясын жүзеге асыруға атсалысты.