ҚазҰУ Erasmus+ MECAS халықаралық жобасына қатысты
Erasmus+ MECAS (Development of Master curricula in EcoInformatics for the impact on the Aral Sea basin) халықаралық жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің өкілдері — Какимжанов Еркин Хамитович, Керимкулова Айгерим Бериковна және Қырғызбай Құдайберген Талғатұлы — Италияның Турин қаласындағы Политехникалық университетінде өткен оқу семинары мен жобалық кездесуге ұйымдастырушылардың ресми шақыруы бойынша қатысты.

Жоба «Экоинформатика» бағыты бойынша магистратура бағдарламасын әзірлеуге және Арал теңізі бассейніндегі экологиялық мониторинг пен табиғи ресурстарды басқару саласында академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған .
Оқу семинары мен жобалық кездесу MECAS жобасының бекітілген бағдарламасына сәйкес өткізілді және барлық жоспарланған іс-шараларды қамтыды: академиялық модульдер, жобалық талқылаулар, оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ практикалық және ұйымдастырушылық сессиялар . Алынған нәтижелер «Экоинформатика» мамандығы бойынша магистранттарды даярлауда пайдаланылатын болады.
Басқа жаңалықтар