ҚАРҒАЛЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙІНДЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Сәрсембаева Т.С. «Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттерімен бірге Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы мамандандырылған лицей №2» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кездесу өткізді (Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Наурыз көшесі, 1Д).
Кездесу барысында оқушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, сондай-ақ кафедраның «Интеллектуалды басқару жүйелері», «Жасанды интеллект» және «Data Science» білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берілді.
Студенттер өздерінің оқу тәжірибелерімен бөлісіп, академиялық ұтқырлық, ғылыми жобалар, тағылымдамалар және ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы баяндады.
Іс-шара барысында цифрлық технологиялар саласындағы мамандықтардың өзектілігі мен еңбек нарығындағы сұранысы ерекше атап өтілді.
Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсуге ниет білдірді.
Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы дарынды жастарды тартуға және мектеп оқушыларының заманауи IT бағыттарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.