Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Францияның Гренобль-Альпы университетінің профессоры Кристиан Сюмен кездесу өтті.Farabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Францияның Гренобль-Альпы университетінің профессоры Кристиан Сюмен кездесу өтті.

6 Сәу, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Францияның Гренобль-Альпы университетінің профессоры Кристиан Сюмен кездесу өтті.

Шетелдік ғалымды университеттің ылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Марғұлан Қасенұлы Ибраимов қабылдады. Кездесу барысында тараптар ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, жер туралы ғылымдар, геология, тектоника және геодинамика бағыттарында бірлескен зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, академиялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ жас ғалымдар мен докторанттардың тағылымдамасын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар ғылыми тәжірибе алмасу, ортақ бастамаларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді серіктестіктің перспективалары сөз болды.

Марғұлан Ибраимов өз сөзінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай кездесулер университеттің ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа серіктестік бағыттардың қалыптасуына негіз болады.

Өз кезегінде Гренобль-Альпы университетінің профессоры Кристиан Сю ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық даму бағытына жоғары баға беріп, алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар ғылыми әріптестікті тереңдету және нақты жобалар аясындағы байланысты жалғастыру жөнінде ортақ пікірге келді.