«Заң мен тәртіп» бағыты аясында кино-тайм.
2026 жылғы 19 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығында орналасқан №13 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттер арасында кино-тайм іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және тәртіп мәдениетін насихаттау.
Кино-тайм барысында студенттерге заң мен құқық тақырыбын қозғайтын тәрбиелік мәні бар видеолар көрсетілді. Видео желісі арқылы қатысушылар құқық бұзушылықтың салдары, азаматтық жауапкершілік және әділдік ұғымдары туралы тереңірек түсінік алды. Көрсетілімнен кейін студенттер өз ойларымен бөлісіп, болған оқиғаларға талдау жасап, пікір алмасты.
Іс-шара еркін форматта өтіп, қатысушылар арасында белсенді диалог орнады. Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін дамытуға, сыни ойлау қабілетін арттыруға және қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын түсінуге ықпал етеді.
Кино-тайм жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.


Басқа жаңалықтар