13 сәуірде Mastercard компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас менеджері Санжар Жамаловпен кездесу!Farabi University

91ý

13 сәуірде Mastercard компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас менеджері Санжар Жамаловпен кездесу!

7 сәуір 2026
13 сәуірде Mastercard компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас менеджері Санжар Жамаловпен кездесу!

Тақырып: Lifelong Learning: өз даму жүйеңді қалай құру керек және диплом алғаннан кейін де оқу неге маңызды.

Санжар Жамалов қаржы және телекоммуникация саласында мол тәжірибеге ие: АО «Казкоммерц Секьюритиз», АО «Казахтелеком», ING Bank N.V. (Лондон), Ұлттық банк, ING Bank N.V. Қазақстандағы өкілдігі. Executive MBA Кембридж университетінде, магистр дәрежесі Ньюкасл университетінде, бакалавр дәрежесі Карлов университетінде. CFA сертификаты мен Institute of Directors (UK) сертификаты бар.

Санжар өз жолын аналитик ретінде бастап, аймақтық басшы дәрежесіне дейін көтерілді, сонымен қатар Прага, Лондон, Кембриджде білім алып, сертификаттар алды. Кездесуде ол тәжірибесін нақты мысалдар арқылы бөліседі – жалпы сөздер мен мотивациялық лозунгтерсіз.

Өткізу уақыты: 2026 жыл 13 сәуір, сағат 15:00
Өткізу орны: Әл-Фараби атындағы кітапхана, 416 конференц-залы.