Карабах және Баку славян университеттерімен меморандум жасалды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әзірбайжанның Карабах университеті және Баку славян университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжаттар ҚазҰУ базасында өтіп жатқан «Study in Azerbaijan» халықаралық білім көрмесі аясында рәсімделді.
Бұл келісімдер білім мен ғылым саласындағы өзара байланысты нығайтуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасу аясын кеңейтуге бағытталған.

Меморандум аясында тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, ортақ ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуді, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Серіктестік екі елдің ғалымдары мен зерттеушілері үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда ҚазҰУ зерттеушілері Әзірбайжанның жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алса, әзірбайжандық әріптестер ҚазҰУ-дың заманауи зертханалары мен ғылыми орталықтарының әлеуетін тиімді пайдалана алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар