- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» конференциясы аясында «Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» секциялық отырысы өтті
«Фараби әлемі» конференциясы аясында «Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» секциялық отырысы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 7–8 сәуірде өтіп жатқан студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасында «Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» секциялық отырысы ұйымдастырылды. 
Секциялық отырыста студенттер өздерінің ғылыми жобалары мен зерттеу нәтижелерін таныстырып, қоршаған орта қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі жне өрт қауіпсіздігіне қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.
Секция жұмысына келесі комиссия мүшелері қатысты: т.ғ.к., доцент Қожахан А.К., б.ғ.к., доцент Бергенова Н.С., PhD, оқытушы Байботаева А.Д.,
PhD, аға оқытушы Исанбекова А.Т. Техникалық хатшы – оқытушы Әлимұратқызы А.
Байқау қорытындысы бойынша үздік ғылыми баяндамалар анықталды:
🥇 I орын – 3 курс студенті Әшім Ә.С. «Топырақты құнарландыруға бағытталған “Asyl Zher” жаңа инновациялық өнімі» тақырыбындағы жұмысы үшін.
🥈 II орын – 4 курс студенттері Үсен С.Қ. жне Нариман І.Е.
🥉 III орын – Кельгембай Ж., Аблямитова Д., Шаймерден А.Н.
Секция барысында ұсынылған ғылыми жұмыстардың жоғары деңгейі студенттердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, жас зерттеушілердің экологиялық қауіпсіздік жне еңбек қауіпсіздігі жне өрт қауіпсіздігі шешуге бағытталған инновациялық идеялары ерекше атап өтілді.

Басқа жаңалықтар