Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясыFarabi University

91ý

Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы

7 сәуір 2026
Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы

2026 жылғы 7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасында “Конденсацияланған күй физикасы және наноматериалтану” секциясы бойынша баяндамалар тыңдалды.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі, профессорлық-оқытушылық құрам, сондай-ақ студенттер мен магистранттар белсенді қатысты. Баяндамалар заманауи ғылымның өзекті мәселелерін, атап айтқанда, жаңа материалдар технологиясы мен наноматериалдарды қолдану мүмкіндіктерін қамтыды.

Секция барысында тыңдалған жұмыстарда тұрақты дамудың маңызды бағыттары көрініс тапты. Көптеген баяндамалар БҰҰ-ның мынадай Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкестендірілді:

  • ТДМ 4 — Барлық адамдар үшін инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға мүмкіндіктер жасау;
  • ТДМ 9 — Тұрақты инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар марапатталды:

ІІІ дәрежелі дипломдар:

 

1) Қалбай Нұрайым Масалықызы (2 курс магистранты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті)

2) Сагындыкова Дария Саматкызы (4 курс бакалавр студенті, 6B05305 Физика және нанотехнология)

3) Айтуған Малика Даниярқызы (4 курс бакалавр студенті, 6B05305 Физика және нанотехнология)

4) Асилбекова Гүлім Жандосқызы (2 курс бакалавр студенті, Химия және химиялық технологиялар факультеті)

5) Тарвердиева Гульниса Вакильгызы (4 курс бакалавр студенті, 6B07105 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы)

 

ІІ дәрежелі дипломдар:

1) Джанкулаков Тимур Канатович (1 курс магистранты, 7M07135 Материалтану және инженерия)

2) Эртаев Нұрсұлтан Сұлтанбайұлы (2 курс магистранты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті)

3) Ерланов Тимур Ерланович (1 курс магистранты, 7M07135 Материалтану және инженерия)

 

І дәрежелі диплом:

1) Кривоногова Арина Юрьевна (4 курс бакалавр студенті, 6B07105 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы)

 

Секция нәтижесі бойынша факультетаралық конкурсқа жолдама алған –  Кривоногова Арина Юрьевна.

Іс-шара жас ғалымдарға өз ғылыми нәтижелерін көпшілік алдында таныстырып, пікір алмасуға мүмкіндік берді. Конференция шығармашылық ізденістерге шабыт беріп, ғылыми ынтымақтастықтың дамуына серпін берді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктер мен табыс тілейміз!