- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шекарасыз ғылым: ҚазҰУ журналы клубында халықаралық зерттеу нәтижелері таныстырылды
Шекарасыз ғылым: ҚазҰУ журналы клубында халықаралық зерттеу нәтижелері таныстырылды
Іргелі медицина кафедрасының журналдық клубының отырысы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ іргелі медицина кафедрасында журналдық клубының кезекті отырысы өтті.
ылыми баяндамамен Есжанова Г.А. сөз сөйлеп, «Investigation of Cyanobacteria Strains from Rice Fields: Assessment of Toxic Potential» — күріш алқаптарынан алынған цианобактерия штаммдарын зерттеу және олардың токсикалық потенциалын бағалау тақырыбындағы жұмысын ұсынды.
Жұмыс ҚР ылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде орындалды. Зерттеу Варшава университетінің Biological and Chemical Research Centre базасында, Department of Ecology and Environmental Protection бөлімінде, Prof. Dr. Hab. Iwona Jasser ғылыми жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Цианобактериялар — ауылшаруашылық экожүйелерінде кеңінен таралған ежелгі фотосинтездеуші микроорганизмдер. Кейбір штаммдар адам денсаулығы мен су ресурстарының сапасына нақты қауіп төндіретін цианотоксиндер өндіре алады. Есжанова Г.А.-ның зерттеуі осы тәуекелдерді түсінуге маңызды үлес қосады.
Жұмыс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тікелей байланысты: ТДМ 3 — халық денсаулығын қорғау, ТДМ 6 — су ресурстарының қауіпсіздігі, ТДМ 15 — жер экожүйелерінің тұрақтылығы, ТДМ 17 — тұрақты даму мүддесіндегі халықаралық әріптестік.
Баяндама қатысушылар арасында белсенді талқылау тудырды. Біз халықаралық деңгейде өз әлеуетін жүзеге асырып жатқан әріптестерімізбен мақтанамыз!
#ҚазҰУ #ІргелімедицинаКафедрасы #Болашақ #500Ғалым #Цианобактериялар #БҒММ #ТДМ #SDGs #SDG3 #SDG6 #SDG15 #SDG17 #ТұрақтыДаму
Жарияланым авторы: Акимниязова А.Н.
Басқа жаңалықтар