Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады. — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады.

7 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады.

2026 жылдың 7 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады. 

Конференция аясында ұйымдастырылған ғылыми секцияларда білім алушылар өз зерттеулерін жоғары деңгейде қорғап, үздік нәтижелер көрсетті. 

Нәтижесінде келесі қатысушылар өз секциялары бойынша І орын иеленіп, келесі кезең – факультеттік қорғауға жолдама алды: 

 

ылыми география 

Маханбетжан А.Қ. (1 курс магистрант) 

Тақырыбы: Климаттың жылынуының Қостанай облысының егістік жерлеріне әсерін спутниктік деректер негізінде талдау 

Жетекшісі: география ғылымдарының докторы, профессор Аскарова М.А. 

Педагогикалық география 

Абдуллаева Ақтоты Сабырғалиқызы (1 курс магистрант) 

Тақырыбы: География сабағында оқушылардың талдау, салыстыру және картамен жұмыс дағдыларын PISA талаптары негізінде дамыту 

Жетекшісі: г.ғ.к, профессор Курбаниязов А.К. 

 

 

Кадастр 

Сариева Сымбат Абзалбекқызы (4 курс) 

Тақырыбы: Жамбыл облысы Жуалы ауданы мысалында ауыл шаруашылығы алқаптарын бағалау 

Жетекшісі: техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Калиева Д.М. 

Жерге орналастыру 

Сабаншиев Тәңірберген Тоққожаұлы (3 курс) 

Тақырыбы: Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы топырақтарының климаттық өзгерістер негізіндегі деградациясын бағалау 

Жетекшісі: оқытушы Құрбанқожа Н.Ә. 

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бұл жетістік – білім алушылардың табанды еңбегі мен ғылыми әлеуетінің айқын көрінісі. 

Алдағы факультеттік кезеңде сәттілік тілейміз!