- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашақтың ғылыми басымдықтары: БҰҰ-ның ТДМ аясындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Фараби әлемі» конференциясындағы генетика, молекулалық биология және экология секциясы
Болашақтың ғылыми басымдықтары: БҰҰ-ның ТДМ аясындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Фараби әлемі» конференциясындағы генетика, молекулалық биология және экология секциясы
2026 жылғы 7 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның базасында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы аясында №4 «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» секциясының отырысы өтті. Аталған секция молекулалық генетикадан бастап экологияға дейінгі кең ауқымды ғылыми бағыттарды қамтитын жас зерттеушілерді біріктірді. Бұл іс-шара ғылыми нәтижелерді апробациялаудың, зерттеушілік құзыреттерді дамытудың және жас ғалымдардың кәсіби ғылыми қауымдастығын қалыптастырудың тиімді алаңы ретінде ерекше маңызға ие.
Секция төрайымы - б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Жунусбаева Ж.К. Секция жұмысына кафедраның жетекші оқытушылары мен ғалымдары қатысты: б.ғ.д., профессор Омирбекова Н.Ж.; б.ғ.д., профессор Айташева З.Г.; б.ғ.к., профессор Чунетова Ж.Ж.; PhD, аға оқытушы Суворова М.А. Секция хатшысы - PhD, аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қуанбай Ә.Қ.
Секцияға деген қызығушылық ғылыми белсенділіктің жоғары деңгейімен айқындалды: барлығы 90 өтінім келіп түсіп, оның 88-і іріктеліп, конференция материалдары жинағына енгізілді. Қатысушылар географиясы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарын, сондай-ақ шетелдік мекемелерді, оның ішінде Өзбекстан Республикасы университеттерін қамтыды. Бұл өз кезегінде халықаралық ғылыми ықпалдастықтың нығаюын көрсетеді.
Секция отырысында 23 ауызша және 2 постерлік баяндама тыңдалды. Баяндамалар генетикалық конструирлеудің заманауи тәсілдерін, метагеномдық талдауды, өсімдіктердің төзімділігінің молекулалық механизмдерін, сондай-ақ биомедициналық және экологиялық зерттеулердің өзекті аспектілерін қамтыды. Ұсынылған жұмыстар жас ғалымдардың жоғары ғылыми дайындық деңгейін және қарастырылған мәселелердің өзектілігін айқын көрсетті.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. І дәрежелі дипломмен 4 курс студенті Андакбаев Д.Б. Saccharomyces cerevisiae ашытқыларын адамның PD-L1 ақуызы экспонирленген күйде конструирлеуге арналған баяндамасы үшін марапатталды (ғылыми жетекшісі - PhD Смекенов И.Т.). Сонымен қатар оған М.А. Айтхожин атындағы 100 000 теңге көлеміндегі стипендия тағайындалды.
ІІ дәрежелі дипломдар Кан Д.М. (Cichorium intybus L. антимутагендік белсенділігі; ғылыми жетекшісі - PhD, қауымд. профессор Ловинская А.В.) және Керимов Т.Т. (заманауи метагеномдық классификаторлардың шектеулері; ғылыми жетекшісі - б.ғ.д., профессор Богоявленский А.П.) иеленді.
ІІІ дәрежелі дипломдар докторант Амангельдиева А.А. (ғылыми жетекшісі - б.ғ.к. Ержебаева Р.С.), студенттер Бахтиярова А.А., Басшыбай А.Қ., Қоламсақ С.У. (ғылыми жетекшісі - б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев А.К.), сондай-ақ Халилаева А.Е. (ғылыми жетекшісі - PhD, қауымд. профессор Гриценко Д.А.) еңбектеріне берілді.
Үздік постерлік баяндама Бердиева Ж.С., Лигай С.-Е.В. және Рустамкызы А. авторлығындағы, өсімдік тест-объектілеріне полистирол микропластигінің фито- және геноуытты әсеріне арналған жұмыс деп танылды (ғылыми жетекшілері - б.ғ.д., профессор Колумбаева С.Ж., PhD, қауымд. профессор Ловинская А.В.).
Секция жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттары басымдықтарымен үндесіп, атап айтқанда ТДМ 3 (денсаулық және әл-ауқат), ТДМ 4 (сапалы білім), ТДМ 5 (гендерлік теңдік) және ТДМ 13 (климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) бағыттарына сәйкес келеді. Ұсынылған зерттеулер ғылыми білім беруді дамытуға, тең мүмкіндіктер қағидаттарын нығайтуға және биомедициналық әрі экологиялық өзекті мәселелердің тиімді шешімдерін іздестіруге ықпал етеді.
Барлық жүлдегерлер университет символикасы бар естелік сыйлықтармен марапатталды, ал қатысушыларға сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. №4 секция жас зерттеушілердің жоғары ғылыми әлеуетін және олардың заманауи ғылымның басым міндеттерін шешуге дайындығын айқындады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы