- Басты бет
- Жаңалықтар
- Секция 6. ылыми ізденіс: қазақ тілінің мәселелері, векторлары және перспективалары
Секция 6. ылыми ізденіс: қазақ тілінің мәселелері, векторлары және перспективалары
Іс-шараның мақсаты:
Студенттер мен жас ғалымдардың қазақ тілінің дамуы, оның халықаралық деңгейде насихатталуы, сондай-ақ ұлттық мәдениетті сақтау бағытындағы ғылыми ізденістерін қолдау және тәжірибе алмасу.
Іс-шараның сипаттамасы:
«Фараби әлемі» халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясының қазақ тілі секциясында жастар мазмұнды әрі өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қазақ тілінің қазіргі даму бағыттары, шетелдегі қазақтардың ұлттық мәдениеті және бүгінгі жас буынның қазақ тілін әлемдік деңгейде танытып, насихаттаудағы ізденістері кеңінен талқыланды.
Секция барысында қатысушылар ғылыми баяндамалар жасап, пікір алмасу алаңында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, тілдің қоғамдағы рөлі, көптілділік жағдайындағы маңызы және цифрлық кеңістіктегі орны туралы мәселелер қозғалды. Іс-шараның маңыздылығы:
Аталған іс-шара қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, жастардың тілге деген қызығушылығын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Қатысушылар арасында ғылыми байланыс орнап, тәжірибе алмасу мүмкіндігі артты.
Тұрақты даму мақсаттарымен байланысы:
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес өткізілді:
ТДМ 4 – Сапалы білім
ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту
ТДМ 17 – Тұрақты даму үшін әріптестік
Қорытынды:
Қазақ тілі секциясы аясындағы бұл конференция жастардың ғылыми әлеуетін арттырып, олардың ана тіліне деген құрметін нығайтуға өз үлесін қосты. Алдағы уақытта да осындай ғылыми-танымдық іс-шаралар жалғасын табады.
Басқа жаңалықтар