ТДМ 4, 9, 11. «FARABI ALEMI» халықаралық ғылыми конференциясы өтті
2026 жылдың 7 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы – «FARABI ALEMI» өтті.
Аталған ғылыми жиын жас зерттеушілердің басын қосып, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға, зерттеу бағыттарын кеңейтуге жне академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Конференция барысында қатысушылар заманауи ғылымның өзекті мәселелерін талқылап, жаңа идеялар мен тың ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар, баяндамаларда Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) сәйкес келетін тақырыптар, соның ішінде сапалы білім беру (ЦУР 4), инновациялар мен инфрақұрылым (ЦУР 9) жне тұрақты қалалар мен қауымдастықтар (ЦУР 11) мәселелері де қамтылды.
Конференция аясында бірнеше секциялар жұмыс істеп, әр бағыт бойынша мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Соның ішінде «Білім, ғылым жне қоғам: жас зерттеушілердің заманауи көзқарасы» атты бесінші секция ерекше қызығушылық тудырды. Бұл секцияда жас ғалымдар білім беру жүйесінің даму үрдістері, ғылым мен қоғамның өзара байланысы, сондай-ақ инновациялық зерттеу әдістері туралы өз ойларын ұсынды.
Секция жұмысы барысында 19 студент өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынып, тыңдаушыларға мазмұнды зерттеу нәтижелерін жеткізді. Баяндамаларда білім беру саласындағы жаңашылдықтар, әлеуметтік мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдау жне қазіргі заманғы зерттеу тәсілдерін қолдану мәселелері кеңінен қамтылды. Сонымен қатар, ұсынылған зерттеулер тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған ғылыми көзқарастарымен ерекшеленді.
Қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, сыни ойлау қабілетін жне ғылыми ізденіске деген қызығушылығын көрсете білді. Конференция аясында пікір алмасу, ғылыми талқылаулар мен тәжірибе алмасу алаңы қалыптасып, жас зерттеушілер үшін үлкен ғылыми мектепке айналды.
Мұндай іс-шаралар олардың болашақ ғылыми жолына бағыт беріп, халықаралық ғылыми ортаға бейімделуіне жол ашады, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге үлес қосатын жас ғалымдарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы алғанда, «FARABI ALEMI» конференциясы жас ғалымдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ғылыми мәдениетті қалыптастыруға жне отандық ғылымның дамуына серпін беретін маңызды ғылыми алаң ретінде өз деңгейінде өтті. Сонымен қатар, бұл конференция Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған ғылыми бастамалардың дамуына да елеулі үлес қосты.
Басқа жаңалықтар