«Таза су және санитария» — ҚазҰУ

91ý

«Таза су және санитария»

6 сәуір 2026
«Таза су және санитария»

2026 ж. сәуірдің 6 жұлдызында  шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет, А.А. Джанузакова және «Б. Майлин атындағы орта мектеп» мемлекеттік коммуналды мекемесі директоры  Б.Ж. Букаева университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында «Таза су және санитария» атты көшпелі іс-шара өткізді.

Өрікті жерінде өткізілген іс-шараға орта мектеп оқушылары мен оқытушылары қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің студенттері дайындаған суреттер мен плакаттарын қолданылып, ұйымдастырушылар таза су мен санитарияға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының 6-шы тұрақты даму мақсаты туралы әңгіме қозғады. Мектеп оқушылары мен оқытушылары, сонымен қатар оқыту бөлімдерінің меңгерушілері өз қолдауларын көрсетіп, ары қарай ҚазҰУ-мен бірігіп, іс-шара өткізуге және ынтымақтастыққа қызығушылықтарын білдірді.