«Фараби Әлемі» конференциясы аясында метеорология секциясының отырысы өтті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да География және табиғатты пайдалану факультетінде "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы Халықаралық ғылыми конференциясының жұмысы басталды.
"Фараби әлемі – 2026" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында "Климаттың өзгеруі және су ресурстары: Метеорология"секциясының жұмысы сәтті өтті.

Секцияның мақсаты метеорология және климаттың өзгеруі саласындағы заманауи ғылыми зерттеулерді талқылау, сондай-ақ олардың өзара байланысы мен табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелерге әсерін талдау болып табылады. Қатысушылар климаттың өзгеруі, аймақтық климаттық ерекшеліктер және экстремалды ауа райы құбылыстары туралы өзекті зерттеулерді ұсынды.
Тыңдалған баяндамалардың қорытындысы бойынша конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтап, дипломдармен марапаттады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және ұсынылған ғылыми жұмыстардың жоғары деңгейі үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!

Басқа жаңалықтар