ТДМ-4 Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде дәстүрлі «Фараби форумы»аясында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі»атты халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастайды.
Конференцияның салтанатты ашылуы сағат 10:00-де журналистика факультетінің ылыми кеңесінің мәжіліс залында (профессор Т. Қожекеев атындағы 230-аудитория) өтті.
Конференция барысында қатысушылар әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша өзекті тақырыптарды қамтитын баяндамаларын секциялық отырыстарда ұсынады. ылыми жұмыстар теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипатта талқыланады.
Конференция үш тілде өтеді: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияның негізгі мақсаты – студенттер мен жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қазіргі ғылыми мәселелерді шешуге белсенді қатысуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар дарынды жастарды қолдау және олардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту басты назарда.
Секциялық мәжілістер барысында қатысушылар өз ғылыми баяндамаларын ұсынып, заманауи медиа, кино, дизайн және коммуникация салаларындағы өзекті мәселелерді талқылайды.
«Фараби форумы» аясындағы бұл конференция жас зерттеушілер үшін тәжірибе алмасу, ғылыми байланыс орнату және өз идеяларын ұсыну алаңы болып табылады.
Конференция жұмысы 8 сәуір күні сағат 16:00–18:00 аралығында секциялық отырыстармен жалғасып, қорытынды мәжіліспен түйінделеді.
Басқа жаңалықтар