ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫНДАҒЫ ФОТОКӨРМЕFarabi University

91ý

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫНДАҒЫ ФОТОКӨРМЕ

8 сәуір 2026
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫНДАҒЫ ФОТОКӨРМЕ

8 сәуірде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастырған фотокөрмені тамашалап қайтты. 

Фотокөрме Иранның Хормозган облысының Минаб қаласындағы бастауыш мектептің бомбылау салдарынан қаза тапқан оқушыларын еске алуға арналған.

Фотокөрменің ашылуына шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстандық зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Бұл фотокөрменің басты мақсаты - балалардың рухына тағзым етіп, адамдарды ынтымақтастық, гуманизм мен ізгілікке шақыру.

 

Боранбаева А.Ж.

Ирантану бөлімінің меңгерушісі