«ТДМ 9. Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» мәселесі аясында ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара — ҚазҰУ

91ý

«ТДМ 9. Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» мәселесі аясында ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара

31 наурыз 2026
«ТДМ 9. Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» мәселесі аясында ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара

2026 жылғы 31 наурызда филология факультетінің №17 жатақханасында «ТДМ 9. Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» тақырыбы аясында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға «6В02304 – Аударма ісі (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Тұрақты даму мақсаттарының мәнін түсіндіру, индустрияландыру мен инновацияның қоғам дамуындағы рөлін таныстыру және инфрақұрылымның маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында ақпараттық таныстырылым өткізіліп, студенттер арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар заманауи технологиялық даму мәселелерін талқылап, өз ойларын білдірді. Іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Моругова Е.А., аға оқытушы, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы