- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚазҰУ магистранттары заманауи фармация саласында білімдерін тереңдету үшін Xinjiang Medical University-де ғылыми тағылымдамадан өтуде»
«ҚазҰУ магистранттары заманауи фармация саласында білімдерін тереңдету үшін Xinjiang Medical University-де ғылыми тағылымдамадан өтуде»
2-курс «7M10117 – Фармация» білім беру бағдарламасының магистранттары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенттері Акмураткызы Жанбота мен Божбанбаева Гузель Жарасовна қазіргі уақытта Xinjiang Medical University, College of Pharmacy базасында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Бұл тағылымдама олардың академиялық және кәсіби дамуының маңызды кезеңі болып табылады және заманауи фармация саласындағы құзыреттерін тереңдетуге бағытталған.
Xinjiang Medical University Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет медицина, фармакология және биомедициналық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу қызметін белсенді түрде дамытып келеді. Ол заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты белсенді жүргізеді.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты – фармакогнозия, фармацевтикалық химия, дәрілік қалыптар технологиясы және фармакология пәндері бойынша теориялық білімді тереңдету. Сонымен қатар, жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы (HPLC), газды хромато-масс-спектрометрия (GC-MS), спектрофотометрия сияқты заманауи әдістерді меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді.
Тағылымдама барысында магистранттар өсімдік текті биологиялық белсенді заттардың химиялық құрамын және фармакологиялық белсенділігін зерттеуге бағытталған зертханалық жұмыстарға қатысады. Әсіресе флавоноидтар, сапониндер және полифенолдар сияқты қосылыстарға талдау жүргізіледі.
Сонымен қатар, магистранттар магистрлік диссертация тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дәрілік қалыптарды жетілдіру және жаңа технологиялар ұсынумен айналысады.
Тағылымдама халықаралық ғылыми ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады және кәсіби деңгейін арттырады.
Осылайша, тағылымдама мамандардың кәсіби дамуына ықпал етеді.
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)

Басқа жаңалықтар