Шығыстану факультетінде «Заң мен тәртіп» аясында студенттермен мазмұнды кездесу өттіFarabi University

91ý

Шығыстану факультетінде «Заң мен тәртіп» аясында студенттермен мазмұнды кездесу өтті

10 сәуір 2026
Шығыстану факультетінде «Заң мен тәртіп» аясында студенттермен мазмұнды кездесу өтті

  2026 жылдың 7 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №14 жатақханасында Шығыстану факультетінің студенттерімен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға факультет басшылығы және Студенттер қалашығы әкімшілігінің бас маманы Дихан Берік Қуанышбайұлы қатысты.
  Аталған кездесу «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мен ішкі тәртіп ережелерін түсіндіруге бағытталды. Кездесу барысында Берік Қуанышбайұлы университеттің ішкі тәртіп қағидаларына жан-жақты тоқталып, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, Шығыстану факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұртәліп Шәріпқазыұлы және эдвайзерлер Боранбаева Айман Жубаткановна, Сайлаукенова Әйгерім Ерланқызы, Бегалиева Маржан Байтасовна студенттерге бағыт-бағдар беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестерін ұсынды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Жалпы, кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды өтті.