«Фараби әлемі» конференциясы аясында «Экология» секциялық отырысы өтті — ҚазҰУ

91ý

«Фараби әлемі» конференциясы аясында «Экология» секциялық отырысы өтті

8 сәуір 2026
«Фараби әлемі» конференциясы аясында «Экология» секциялық отырысы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 7–8 сәуірде өтіп жатқан студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Экология» секциялық отырысы ұйымдастырылды.

Секциялық отырыста студенттер өздерінің ғылыми жобалары мен зерттеу нәтижелерін таныстырып, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына, қоқыстарды жоюға, климаттың өзгеруіне қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.

Конкурстық комиссияның төрағасы PhD, доцент Досжанов Е.О.,

Секция жұмысына келесі комиссия мүшелері қатысты:х.ғ.к., аға оқытушы Минжанова Г.М., т.ғ.к., аға оқытушы Хамитова К.К., т.ғ.к, аға оқытушы Тусупова Б.Х. Техникалық хатшы оқытушы Садвакасова Г. Е.  


Байқау қорытындысы бойынша үздік ғылыми баяндамалар анықталды:

🥇 I орын4 курс студенті Исмуханбетов Б.Т.«Повышение Эффективности Производства Чистой Энергии: Теоретическое Обоснование Оптимизации Солнечных, Ветровых И Биоэнергетических Систем»тақырыбындағы жұмысы үшін.

🥈 II орынМадиева А. жне Алиширов И.

🥉 III орын Елеусинова Д.К., Мнайдарова М.С., Джакупова С. А., Абдраш Ж.Ш., Абдикалыкова Д. Ж., Сапарова Г. К.

Секция барысында ұсынылған ғылыми жұмыстардың жоғары деңгейі студенттердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, жас зерттеушілердің экологиялық қауіпсіздік жне еңбек қауіпсіздігі жне өрт қауіпсіздігі шешуге бағытталған инновациялық идеялары ерекше атап өтілді.