Академиялық ортадағы жарияланым белсенділігі мен патенттік қызмет мәселелері бойынша онлайн-семинар — ҚазҰУ

91ý

Академиялық ортадағы жарияланым белсенділігі мен патенттік қызмет мәселелері бойынша онлайн-семинар

9 сәуір 2026
Академиялық ортадағы жарияланым белсенділігі мен патенттік қызмет мәселелері бойынша онлайн-семинар

2026 жылғы 9 сәуірде сағат 15:00-де шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында «Importance of SCIE Journals and International Patent Grants in Research Academia» тақырыбында ғылыми онлайн-семинар өтті. Семинардың лекторы — Самарқанд мемлекеттік университетінің профессоры Christo Ananth.

Іс-шара оқытушылар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін арттыруға және заманауи академиялық ортаның өзекті талаптарын талқылауға бағытталды. Семинар барысында SCIE базасына енгізілген ғылыми журналдардағы жарияланымдардың маңызы, сондай-ақ халықаралық патенттердің ғылыми мансапты дамытудағы және университеттердің зерттеу әлеуетін нығайтудағы рөлі қарастырылды.

Ерекше назар жарияланым белсенділігін арттыру стратегияларына, сапалы ғылыми журналдарды таңдауға, сондай-ақ ғылыми мақалалар мен халықаралық патенттерге өтінімдерді дайындаудың практикалық аспектілеріне аударылды.

Семинар жазбасымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады:

 

Семинар кафедра оқытушылары мен докторанттары арасында үлкен қызығушылық тудырып, тәжірибе алмасу мен ғылыми қызметті дамыту перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Искакова Г.Н., Аймагамбетова М.М.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы