- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Иммунитетті қалай күшейтуге болады? КазНУ студенттері ғылыми ұсыныстармен бөлісті»
«Иммунитетті қалай күшейтуге болады? КазНУ студенттері ғылыми ұсыныстармен бөлісті»
Студенттің иммунитетін қалай көтеруге болады Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының 3-ші Тұрақты даму мақсаты — «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» аясында ұйымдастырылды. Шараны Фундаменталды медицина кафедрасының ассистент-профессоры Сарыбаева Мадина Амангелдіқызының жетекшілігімен 24-15 «Жалпы медицина» (ағылшын бөлімі) тобының студенттері өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің иммундық жүйесін нығайтудың тиімді жолдарын талқылау. Оқу жүктемесінің жоғары болуы, ұйқының жетіспеушілігі және дұрыс тамақтанбау жастардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Студенттер өз баяндамаларында ағзаның қорғаныс қабілетін арттырудағы дәрумендердің рөлі, стресске төзімділік және дене белсенділігінің маңыздылығы туралы өзекті мәліметтерді ұсынды. Мұндай бастамалар болашақ медицина мамандарының кәсіби жауапкершілігін арттырып, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.
Басқа жаңалықтар