«Қаржылық-құқықтық пәндер» секциясы
2026 жылғы 9 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық «Фараби әлемі» ғылыми конференциясы аясында заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының «Қаржылық-құқықтық пәндер» секциясы өтті.
Аталған секция бойынша байқау комиссиясы факультет деканының өкімімен 5 адамнан тұратын құрамда бекітілді. Комиссия төрағасы болып заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Г.А. тағайындалды. Комиссия құрамына PhD докторы, аға оқытушы Қожабек Қ.М., аға оқытушылар Бакиров Д.А. мен Жапаков С.М., сондай-ақ хатшы ретінде оқытушы Шапқатова І.Б. кірді.
«Қаржылық-құқықтық пәндер» секциясы бойынша барлығы 40 ғылыми жұмыс келіп түсіп, оның 9-ы конференция бағдарламасына енгізілді. Секция жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, НАО «Университет Нархоз», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің, Қонаев университетінің, Д.А. Қонаев университетінің және Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің білім алушылары қатысты.
Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми жұмыстарын қарастыру нәтижесінде байқау комиссиясы үздік баяндамаларды атап өтті. Аталған секция қаржылық құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, жас зерттеушілердің ғылыми ізденістерін қолдауға және олардың ғылыми бастамаларын дамытуға маңызды үлес қосты.

Басқа жаңалықтар