- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдарлар, мүмкіндіктер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдарлар, мүмкіндіктер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2026 жылғы 7 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде V Халықаралық Фараби форумы аясында «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдарлар, мүмкіндіктер» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара ғылыми және іскерлік орта үшін маңызды алаңға айналып, жетекші ғалымдарды, сарапшыларды, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктірді, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми байланыстар орнатуға кең мүмкіндік берді.
Конференцияның негізгі мақсаты – жаһандық трансформациялар жағдайындағы қазіргі экономиканың даму үрдістері мен мәселелерін талқылау, сондай-ақ тиімді шешімдер іздеу және практикалық ұсыныстар әзірлеу болды. Пленарлық отырыс пен секциялық пікірталастар барысында қатысушылар экономиканы цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, қаржы экожүйелерін трансформациялау, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, логистика жүйелерін дамыту, агроөнеркәсіп кешені және жаңа бизнес-модельдерді қалыптастыру мәселелерін де қарастырды.
Спикерлердің баяндамаларында Қазақстанның цифрлық трансформациясы, экономикалық процестердің тиімділігін арттырудағы жасанды интеллекттің рөлі және жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты даму перспективалары ерекше атап өтілді. Қатысушылар инновациялық технологияларды экономиканың түрлі салаларына енгізудің маңыздылығын және ұлттық стратегияларды жылдам өзгеретін сыртқы жағдайларға бейімдеу қажеттілігін де атап өтті.
Спикерлердің баяндамалары аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, мазмұнды кәсіби диалогқа негіз болды. Пікірталастар барысында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, ғылым мен бизнес арасындағы байланысты күшейту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар қатысушылар ұзақ мерзімді дамуға, экологиялық жауапкершілікке және әлеуметтік тұрақтылыққа бағытталған тұрақты экономикалық модельдерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті, және ESG қағидаттарын енгізу, «жасыл» экономиканы дамыту және халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру қажеттілігі ерекше көрсетілді, инновациялық бастамаларды қолдау арқылы экономикалық өсімді жеделдету мүмкіндігі де айтылды.
Конференция қорытындысы бойынша экономиканың тұрақтылығын нығайтуға және оның жаһандық сын-қатерлерге бейімделу қабілетін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметтің негізгі бағыттары айқындалды.
Жалпы алғанда, конференция жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми деңгейде өтті және тәжірибе алмасу, идеялармен бөлісу және өзекті экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудің заманауи тәсілдерін талқылау үшін тиімді алаң болды. Мұндай іс-шаралар ғылыми әлеуеттің дамуына, кәсіби байланыстардың нығаюына және тұрақты болашаққа бағытталған инновациялық ортаның қалыптасуына ықпал етеді.
Сонымен қатар конференция аясында тақырыптық дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар инновацияларды экономикаға енгізудің практикалық аспектілерін тереңірек талқылауға мүмкіндік те болды. Цифрлық қаржы құралдары, финтех-стартаптарды дамыту және белгісіздік жағдайында бизнестің тұрақтылығын арттыру мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.
Сондай-ақ мұндай іс-шаралардың жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға және қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жауап бере алатын жаңа буын мамандарды қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді. Қатысушылар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және академиялық ұтқырлықты кеңейту қажеттілігін атап өтті.
Қатысушылар сондай-ақ пәнаралық зерттеулердің маңыздылығын және университеттердің білім беру бағдарламаларына инновациялық шешімдерді енгізудің қажеттілігін де ерекше атап өтті, бұл болашақта сапалы білім мен ғылымды дамытуға негіз болады.