ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті: жеңімпаздар анықталды
2026 жылғы 2–3 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика жне бизнес жоғары мектебінде студенттер, магистранттар жне жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті . Аталған конференция жаһандық өзгерістер, цифрландыру, Industry 4.0 технологияларын енгізу жне тұрақты экономикалық даму мәселелерін талқылауға арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.
Конференция аясында қатысушылар экономика, логистика, мемлекеттік басқару, цифрлық трансформация жне инновациялар салаларын қамтитын теориялық жне қолданбалы баяндамалар ұсынды. Секциялық отырыстар барысында жас зерттеушілер өз ғылыми жұмыстарының жоғары деңгейін, өзектілігін жне практикалық маңыздылығын көрсетті.
Іс-шара Қазақстанның жне шетелдің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдарын біріктіріп, ғылыми идеялармен алмасуға, тәжірибе жинақтауға жне академиялық байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Конференция қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталды:
– Базарбекова Жанерке Шыңғысқызы жне Совет Қайрат Аянұлы, Экономика жне бизнес жоғары мектебінің 6B11301 – Логистика (сала бойынша) білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері;
– Әбдірова Дариға Есжанқызы, Экономика жне бизнес жоғары мектебінің 7M04102 – Экономика білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты;
– Әшімов Әмір Асқарұлы, 6B04101 – Мемлекеттік жне жергілікті басқару білім беру бағдарламасының студенті.
Жеңімпаздар ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейі, тақырыптарының өзектілігі жне практикалық маңыздылығы үшін марапатталды.
Университет тарапынан берілген марапаттармен қатар, конференция серіктестері де жеңімпаздарды қолдады. Атап айтқанда, InterPress IH білім беру орталығы жеңімпаздарға 2 айлық тегін ағылшын тілі курсына сертификаттартабыстады. Бұл олардың академиялық жне кәсіби дамуына қосымша мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, барлық жүлдегерлер APX компаниясынан арнайы сертификаттармен марапатталды, бұл олардың жетістіктерінің жоғары деңгейде мойындалғанын көрсетеді.
«Фараби әлемі» конференциясының өткізілуі білім алушылардың ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруға, академиялық жазу жне көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ олардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді.
Аталған іс-шара жас ғалымдарды қолдау, ғылыми әлеуетті дамыту жне халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялану бағытындағы маңызды алаң ретінде өз маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.