- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2026 ЖЫЛҒЫ 11 СӘУІРДЕ «ӘЗ НАУРЫЗ – ТАЗАРУ, ЖАҢАРУ БАСТАУЫ!» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2026 ЖЫЛҒЫ 11 СӘУІРДЕ «ӘЗ НАУРЫЗ – ТАЗАРУ, ЖАҢАРУ БАСТАУЫ!» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕ
2026 жылғы 11 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында «Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы!» атты дәстүрлі Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Аталған іс-шара қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен нығайтуға бағытталды.
Мерекелік бағдарлама аясында университет аумағында киіз үйлер қалашығы ұйымдастырылып, онда қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі кеңінен таныстырылды. Қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер көрмелерін тамашалап, халықтық ойындарға белсене қатысты. Сонымен қатар, мәдени-танымдық бағдарламалар арқылы қонақтар қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен өнері жөнінде терең мағлұмат алды. Бұл өз кезегінде ұлттық мәдениетті дәріптеудің тиімді алаңына айналды.

Наурыз мерекесі – тек мәдениет пен өнердің көрінісі ғана емес, сонымен қатар достықтың, бірліктің, өзара құрмет пен қоғамдық келісімнің жарқын символы. Іс-шара барысында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бас қосып, ортақ құндылықтарды бөлісіп, рухани байланыстарын нығайтты. Университет ұжымы бұл мерекені ұлттар арасындағы татулық пен келісімді насихаттаудың маңызды құралы ретінде көрсете білді.
Аталған салтанатты іс-шараға Шығыстану факультетінің оқытушылары, студенттері және мамандары белсенді түрде қатысып, өз өнерлерін жоғары дәрежеде паш етті. Олар ұлттық билер мен әндерді орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Факультет ұжымы мерекенің мазмұнын байытып, оның тәрбиелік және мәдени маңызын арттыруға зор үлес қосты.
Сонымен қатар, мерекеге арнайы шақырылған қадірлі қонақтар да белсенділік танытып, ұйымдастырылған ұлттық ойындарға қатысып, өз қолдауларын білдірді. Қонақтардың қатысуы іс-шараның мәртебесін арттырып, оның мазмұнын одан әрі байыта түсті.
Қорытындылай келе, «Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы!» атты мерекелік іс-шара университет деңгейінде жоғары ұйымдастырылған, мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор маңызды мәдени шара ретінде есте қалды. Бұл мереке ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етудің және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың жарқын үлгісі болды.
Абелдаев Ж.А.
Кыркымбекова А.Т.мм