- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қайырымдылық – ұлттың ұлы қасиеті» және «Белсенді студент – белсенді қоғам» тақырыптарында тәрбие сағаты
«Қайырымдылық – ұлттың ұлы қасиеті» және «Белсенді студент – белсенді қоғам» тақырыптарында тәрбие сағаты
11.04.2026 күні магистранттар тарапынан студенттермен бірлесе отырып «Қайырымдылық – ұлттың ұлы қасиеті» және «Белсенді студент – белсенді қоғам» тақырыптарында тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қайырымдылық жасауға деген ынтасын арттыру, сондай-ақ қоғамдағы белсенділігін дамыту болды.
Іс-шара барысында студенттермен аталған тақырыптар аясында пікір алмасу жүргізіліп, қайырымдылықтың қоғамдағы маңызы, оның ұлттық құндылық ретіндегі орны кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, белсенді студенттің қоғам дамуына қосатын үлесі туралы да ой-пікірлер айтылды.
Теориялық бөлімнен кейін магистранттар мен студенттер бірлесе отырып нақты қайырымдылық іс-шарасын жүзеге асырды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасына азық-түлік өнімдері сатып алынып, көмек көрсетілді. Студенттер бұл шараға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін көрсете білді.
Аталған іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың бойында мейірімділік, жанашырлық және бірлік сияқты қасиеттерді нығайтты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Тәрбие сағаты барысында фото және бейнематериалдар түсірілді.
Қорытындылай келе, мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар студенттердің тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, оларды қоғамға пайдалы, белсенді азамат ретінде қалыптастыруға ықпал етеді.
Магистранттар: Сейсенбай Жасулан, Серік Әлихан, Жолаушыбай Диас, Жақсылық Дәулет
Жетекші оқытушы: Турарбек Асем Турарбекқызы
Басқа жаңалықтар