«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы ашылды
2026 жылғы 7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады.
Ауқымды ғылыми іс-шараға Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысуда. Конференция жас зерттеушілерге өз ғылыми жұмыстарын таныстырып, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өз баяндамаларын ұсынуда. Әсіресе инновациялық шешімдер мен жасанды интеллект саласындағы жобаларға ерекше назар аударылуда.
Конференция алдағы күндері өз жұмысын жалғастырып, үздік ғылыми жұмыстар анықталатын болады.