ТДМ аясында ҚазҰУ-да «Сандық әлемдегі стрессті басқару» атты халықаралық іс-шара өтті — ҚазҰУ

91ý

ТДМ аясында ҚазҰУ-да «Сандық әлемдегі стрессті басқару» атты халықаралық іс-шара өтті

4 наурыз 2026
ТДМ аясында ҚазҰУ-да «Сандық әлемдегі стрессті басқару» атты халықаралық іс-шара өтті

ҚазҰУ тұрақты даму мақсаттары аясында Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Бердібаева С.Қ. және докторанттар Беркінбай Р.М., Дун Цзихуа, Касымова М. ұйымдастыруымен  «САНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ СТРЕССТІ БАСҚАРУ»  атты халықаралық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «Сандық әлемдегі мінез-құлықтық тәуелділіктер және стресc-менеджменттің заманауи тәсілдері: әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты ғылыми мектебінің жұмыс бағытына сәйкес өткізілді.

Іс-шараның мақсаты қазақстандық және шетелдік студенттердің сандық әлемдегі стресс-менеджменті арасындағы айырмашылықтарды талдау, осы тақырып аясындағы ғылыми мектептің жасалып жатқан зерттеулерімен бөлісу және студенттермен тиімді стресс-менеджмент техникаларын талдау болды.

Осы арада АҚШ, Қытай және Түркиядан іс-шараға шақырылған студенттер мен докторанттар цифрлық ортадағы стресс-менеджмент туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Оңтүстік Калифорния университетінен Ердеханұлы Дәурен, Қытай ауылшаруашылық университетінен Хоу Ичэнь Шаньси  және Дун Цзижун және Түркияда биогенетика бағытында докторантурада білім алып жатқан Жөндербек Жазира осы арада сандық әлемдегі стресс-менеджмент мәселесі және оның өзі оқып жатқан елдегі ерекшелігі туралы айтып, тақырыпты кең ауқымда талқылады.

Келесі кезекте «Сандық әлемдегі мінез-құлықтық тәуелділіктер және стресc-менеджменттің заманауи тәсілдері: әдіснамасы, теориясы және практикасы» атты ғылыми мектебінің қатысушылары, студенттер, магистранттар және докторанттар сандық әлемдегі стресс-менеджмент мәселесіне сәйкес өз зерттеу жұмыстарымен бөлісті. 

Қатысушылар стресс-менеджмент техникаларын жүргізіп, шетелдік және қазақстандық жас зерттеушілердің жұмыстарымен танысып, іс-шараның практикалық маңыздылығы зор болғаны туралы пікір білдірді. Шетелдік қатысушылар диджитал қоғамдағы стресс-менеджмент тақырыбында қазақстандық студенттермен тәжірибе алмасудың қызықты болғанын, және пайдалы болғанын айтып, барша ұйымдастырушыларға профессор Бердібаева С.Қ. және докторанттар Беркінбай Р.М., Дун Цзихуа, Касымова М. осы іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.