«Фараби әлемі» конференциясы аясындағы ең «ыстық» іс-шаралардың бірі артта қалды! Егер сіз заманауи геодезия тек сызба деп ойласаңыз, қателесесіз. Бұл — нағыз цифрлық революция!
Спикеріміз Айбек Қойшығарын студенттерге «Заманауи геодезиялық технологиялар: өлшеуден цифрлық 3D-үлгілерге дейін»тақырыбында нағыз «мастер-класс» көрсетті.
Спикер тақырыпты сондай қарапайым әрі қызықты түсіндіргені сонша, тіпті ең күрделі 3D-үлгілердің өзі түсінікті болып қалды.
Айбек Төреғалиұлы тек сөйлеп қана қоймай, студенттерді де процеске қосты. Сұрақтарға мүдірмей жауап берген білімділер құр алақан қалған жоқ — пайдалы сыйлықтар иелерін тапты!
Мастер-класс өте жоғары деңгейде, нақты мысалдармен және сапалы материалдармен өтті.
Бұл жай ғана кездесу емес, болашақ мамандығымызға деген жаңа көзқарас болды.
Басқа жаңалықтар