ҚазҰУ студенттері «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» конференциясында I, II және III орын иеленді — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ студенттері «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» конференциясында I, II және III орын иеленді

13 сәуір 2026
ҚазҰУ студенттері «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» конференциясында I, II және III орын иеленді

2026 жылдың 7–8 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы – «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» өтті. Конференция аясында Медицина және денсаулық сақтау факультетінің жас зерттеушілері өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынып, қазіргі медицина мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға еліміздің медициналық жоғары оқу орындарынан студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысып, ғылыми жобаларын қорғады. Барлығы 12 қатысушы өз зерттеулерін ұсынды. Конференция жұмысы төрт негізгі ғылыми секция бойынша ұйымдастырылды:

 

• Тұрақты даму мақсаттары және қоғамдық денсаулық сақтау: қиындықтар мен шешімдер • Стоматологияның болашағы: жас зерттеушілердің көзқарасы • Салауатты өмір салты, физикалық мәдениет және спорт медицинасының теориялық және тәжірибелік аспектілері • Клиникалық медицинадағы өзекті мәселелер ылыми секциялар барысында қатысушылар денсаулық сақтауды ұйымдастыру, қоғамдық денсаулық, стоматология, спорт медицинасы және клиникалық зерттеулер бағыттарындағы өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасап, ғылыми пікір алмасу өтті. )

1-секция – «Тұрақты даму мақсаттары және қоғамдық денсаулық сақтау: қиындықтар мен шешімдер» Бұл секцияда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының студенттері Амангелдіқызы Алуа, Заудбай Маулеш, Ерсин Мансия, Мешитбаева Меруерт, сондай-ақ магистрант Tujuba Giftiatati Legesse өз ғылыми жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенті Нұртілеу Ержанұлы баяндама жасады.

 2-секция – «Стоматологияның болашағы: жас зерттеушілердің көзқарасы» Секция жұмысына ҚазҰУ студенті Розакулова Паризод, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері Нуртаев А.Г., Даркембаева К.Б., Кенебаев А.К. және Елубай Нұрай қатысты.

3-секция – «Салауатты өмір салты, физикалық мәдениет және спорт медицинасының теориялық және тәжірибелік аспектілері» Бұл секцияда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты Сайдағали Демежан, магистрант Маликов Илья және студент Зафар М.С. өз зерттеулерін ұсынды.

4-секция – «Клиникалық медицинадағы өзекті мәселелер» Секция барысында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенті Сайлыбек Н.С., сондай-ақ ҚазҰУ студенттері Abdul Razaq Imran Khan және Маликова Акмарал ғылыми баяндамаларын таныстырды. Конференция қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар анықталды.

🏆 Жеңімпаздар:

🥇 I орын – «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының студенттері (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 🥈 II орын – Стоматология факультетінің студенттері (С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті)

🥉 III орын – «Медицина» білім беру бағдарламасының студенті (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» конференциясы жас ғалымдар үшін ғылымдағы алғашқы қадамдарын жасап, жаңа идеялар мен зерттеулерін таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды ғылыми алаң болып табылады.