- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2026 жылғы 7–8 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы «Farabi Alemi» халықаралық конференциясы өтті.
2026 жылғы 7–8 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы «Farabi Alemi» халықаралық конференциясы өтті.
2026 жылғы 7–8 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы «Farabi Alemi» халықаралық конференциясы өтті.
Конференция Алматы қаласындағы жастарға арналған ең ірі ғылыми алаңдардың бірі болып табылады және жыл сайын Қазақстанның және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының студенттерін, магистранттарын және 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарын біріктіреді.
2026 жылы секциялық отырыстар 7–8 сәуір күндері өтті. Конференция аясында қазіргі ғылымның түрлі бағыттары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар ұсынылды.
Конференцияның жұмыс тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдері болды. Бұл ғылыми диалогтың халықаралық форматта өтуіне және академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал етті.
Халықаралық қатынастар факультетінде 10 ғылыми секция жұмыс істеп, оларға 300-ден астам студент қатысты.
Жас зерттеушілер келесі бағыттар бойынша ғылыми жобаларын ұсынды:
• халықаралық қатынастар және жаһандық саясат
• халықаралық құқық
• дипломатия және аймақтық зерттеулер
• халықаралық және құқықтық коммуникациялар саласындағы аударма
Конференция ғылыми идеялар алмасу, халықаралық үдерістерді талқылау және студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту алаңына айналды.
Секция жұмыстарының қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
1 орын — Ғани Нұрай Бектасқызы
6B03104 «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы, 4 курс
2 орын — Нургалимова Амина Максатовна
6B04201 «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы, 4 курс
3 орын — Кайсар Зарина
6B02311 «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма» білім беру бағдарламасы, 3 курс
«Farabi Alemi» конференциясының жыл сайын өткізілуі университеттің жастардың ғылыми әлеуетін қолдауға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталғанын көрсетеді.






