«ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНДЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ» атты Қазақстан аумағында биоалуандықты сақтау мәселелерін қамтуға бағытталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті — ҚазҰУ

91ý

«ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНДЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ» атты Қазақстан аумағында биоалуандықты сақтау мәселелерін қамтуға бағытталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

10 сәуір 2026
«ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНДЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ» атты Қазақстан аумағында биоалуандықты сақтау мәселелерін қамтуға бағытталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2026 жылы 10 сәуірде  &ܴ;Алтын-Емел&ܴ; меммлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 30 жыл мерей тойының аясында өтетін «ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНДЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ» атты Қазақстан аумағында биоалуандықты сақтау мәселелерін қамтуға бағытталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына зоология, гистология және цитология кафедрасының б.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Акмуллаева Айжан Сейткановна, «Зоология» 1-курс магистранты Мухаметқали Аяулым Бейсенғалиқызы және «Биология» 1-курс білімгері Азимуахун Айерке Ғаниқызы ғылыми мақалаларына баяндама жасады. &ܴ;Алтын-Емел&ܴ; меммлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорының Қ.Н.Байтурбаевтың қолынан сертификат алды.

Конференцияның мақсаты  - биологиялық алуандықты зерттеу, қорғау және сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау; табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану; мониторингтің заманауи әдістерін қолдану; табиғи кешендердің жағдайы мен өзгерістерін бағалау және қорытындылау; табиғи кешендерге антропогендік факторлардың әсерін зерттеу мәселелерін қарастыру. Конференцияда шет елден келген қонақтар және  Қазақстанның меммлекеттік ұлттық табиғи паркінің басшылары, ғылыми қызметкелері мен «Ботаника және фитоинтродукция институты», «Зоология» институтының ғалымдары қатысып үлкен ғылыми мәселелері мен жаңалықтары бар баяндамалар оқылды және ғылыми мақалалар жарияланған жинақ шықты.

 

Зоология, гистология және цитология кафедрасының доценті, б.ғ.к., Акмуллаева А.С.

#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU