Студенттер зияткерлік сайыста жүлделі II орын иеленді — ҚазҰУ

91ý

Студенттер зияткерлік сайыста жүлделі II орын иеленді

10 сәуір 2026
Студенттер зияткерлік сайыста жүлделі II орын иеленді

2026 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының ұйымдастыруымен «ылым декадасы – 2026» аясында көрнекті түркітанушы ғалым Немат Келімбетовті еске алуға арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері арасында зияткерлік сайыс өткізілді.

Аталған білім додасына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өзара білім, білік және логикалық ойлау деңгейлерін сарапқа салды. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: «Turkitanу QUIZ» (сұрақ-жауап), «Суреттер сөйлейді» (сурет арқылы ой қорыту), «Танымдық алаң» (дұрыс жауапты таңдау).

Сайыс қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы, “6B02305 Қазақ филологиясы” білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Парасат» тобы жүлделі II орынға ие болды.Бұл жетістік – білім алушылардың сапалы даярлығының, ғылыми ізденісінің және кәсіби құзыреттілігінің нәтижесі.

Топ жетекшісі – доцент м.а., PhD Жанат Сәрсенбайды және «Парасат» тобын айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!