ҚазҰУ кампусында сакура гүлдеді — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ кампусында сакура гүлдеді

14 сәуір 2026
ҚазҰУ кампусында сакура гүлдеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында сакура ағашы гүлдеді. Нәзік қызғылт гүлдер кампусқа ерекше сән беріп, студенттер мен оқытушылардың көңіл күйін көтеруде.

Бұған қоса, университет қалашығындағы Ағаштар аллеясы, Жастар саябағы және Ғалымдар бағы жасыл желекке оранып, құлпыра түсті. Бұл аумақтар демалыс пен серуендеуге қолайлы, көркем орта қалыптастырып отыр.

Кампус аумағында 400-ден астам алма, 50-ге жуық шие, 30-ға тарта өрік, сондай-ақ алхоры, алмұрт және өзге де жеміс ағаштары гүлдеп, жайқала бастады.

Бұл – оқу ордасында жүргізіліп жатқан көгалдандыру мен экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың жемісі.

 

 

\

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі