ТДМ 4 – «PlasmaScience» ғылыми-өндірістік компаниясының бас директорымен кездесу — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 4 – «PlasmaScience» ғылыми-өндірістік компаниясының бас директорымен кездесу

13 ақпан 2026
ТДМ 4 – «PlasmaScience» ғылыми-өндірістік компаниясының бас директорымен кездесу

Бүгін «PlasmaScience» ғылыми-өндірістік компаниясының бас директоры Рахадилов Бауыржан Қорабайұлымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ қолданбалы ғылымды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Ерекше назар келесі мүмкіндіктерге аударылды:
🔹 бірлескен ғылыми-техникалық әзірлемелерді жүзеге асыру;
🔹 тәжірибе алмасу және ғылыми өзара іс-қимылды кеңейту;
🔹 жас зерттеушілер мен студенттерді тәжірибеге бағытталған зерттеулерге тарту;
🔹 плазмалық технологиялар мен заманауи материалдар саласындағы жаңа бағыттарды дамыту.

Мұндай кездесулер ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашып, ғылыми әлеуеттің тиімді дамуына ықпал етеді.

🤝 Мазмұнды әңгіме және бірлескен бастамаларды дамытуға қызығушылық танытқаны үшін Бауыржан Қорабайұлына алғыс білдіреміз.

Кездесуге қатысқандар:
Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялар зертханасының директоры – Муратов Мухит Мұхаметнұрович,
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры – Оразбаев Саги Амзеевич,
Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының профессор-зерттеушісі – Мусабек Гаухар Қалижанқызы,
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы – Султангазина Маржан Нурланқызы