- Басты бет
- Жаңалықтар
- "SCOPUS базасында мақала жариялау процесі және журналдарды таңдау критерийлері" атты ғылыми семинар өтті
"SCOPUS базасында мақала жариялау процесі және журналдарды таңдау критерийлері" атты ғылыми семинар өтті
2026 жылдың 14 сәуірі күні сағат 12:00-де География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының, сондай-ақ Бухара педагогикалық институтының оқытушыларына арналған "SCOPUS базасында мақала жариялау процесі және журналдарды таңдау критерийлері" атты ғылыми семинар жоғары деңгейде өтті.
Аталған іс-шара барысында қатысушыларға SCOPUS базасында мақала жариялаудың негізгі кезеңдері, сапалы журналдарды іріктеу критерийлері, сондай-ақ халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланым жасау талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Семинар спикері — кафедраның профессор міндетін атқарушысы, PhD Исанова Гульнура Толегеновна — өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
ылыми семинар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және өзекті ғылыми-әдістемелік алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар