«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясы: жас зерттеушілердің ғылыми ізденісіFarabi University

91ý

«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясы: жас зерттеушілердің ғылыми ізденісі

14 сәуір 2026
«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясы: жас зерттеушілердің ғылыми ізденісі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы аясында №2 «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» секциясы өз жұмысын жемісті өткізді.

Секция жұмысына Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелерінен барлығы 16 үміткер өтінім берді. Атап айтқанда, қатысушылар қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, SDU University, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және ҚР ҰҚК Шекара академиясы студенттері болды.

Секция төрағалары – қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары С.Б. Тлеубаев және филология ғылымдарының кандидаты Е.М. Солтанаева. Секция хатшысы – кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.М. Тойбазар.

Конференция барысында қатысушылардың ғылыми баяндамалары белгіленген талаптарға сай жоғары деңгейде ұсынылып, бекітілген регламентке сәйкес тыңдалды.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша үздік баяндамалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

I дәрежелі диплом:

– Орынбасар Айсұлу Ермекқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті) – «Қазақ прозасындағы метамодернистік сана: постмодернистік ирониядан шынайылыққа бетбұрыс» тақырыбындағы жұмысы үшін (ғылыми жетекшісі: Бисенбаев П.К.).

II дәрежелі дипломдар:

– Әбеуталып Роза (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) – «Ж. Аймауытов шығармаларындағы психологиялық параллелизм: адам жан дүниесі мен қоғамдық болмыстың көркем үндестігі» тақырыбы үшін (ғылыми жетекшісі: Шортанбай Ш.А.);

– Ауенова Көркем Сұлтанқызы (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) – «Көдек Байшығанұлының әдеби мұрасы» тақырыбындағы зерттеуі үшін (ғылыми жетекшісі: Тлеубаев С.Б.).

III дәрежелі дипломдар:

– Рашид Фарида (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) – «Жасанды интеллект арқылы қазақ әдебиетін цифрлық талдау» тақырыбы үшін (ғылыми жетекшісі: Шортанбай Ш.А.); 

– Абдуламитова Суғдиена (SDU University) – «Алпамыс батыр жырының нұсқалары» тақырыбы үшін (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Мамбетов Ж.О.);

– Дүйсенбей Дархан (ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника

және байланыс әскери-инженерлік институты) – «Б.Бұлқышев шығармаларындағы патриотизм» тақырыбы үшін (ғылыми жетекшісі: Әметова Г.Т.);

– Байтілеу Алуа (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) – «Н. Қами шығармашылығындағы құндылықтар жүйесі» тақырыбы үшін (ғылыми жетекшісі: Саргелтаева А.Қ.).

Секция жұмысы жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін айқындап, әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін талқылауда маңызды алаң болғанын көрсетті.