«Basic Life Support. Шұғыл көмек. Төтенше жағдайлар кезінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізу техникасы». — ҚазҰУ

91ý

«Basic Life Support. Шұғыл көмек. Төтенше жағдайлар кезінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізу техникасы».

14 сәуір 2026
«Basic Life Support. Шұғыл көмек. Төтенше жағдайлар кезінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізу техникасы».

2026 жылғы 13 сәуірде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мәжіліс залында медицина және денсаулық сақтау факультеті, эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы ұйымдастырған форум аясында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық күніне (World Health Day) орайластырылды.
Форум мен дөңгелек үстелдің тақырыбы:
«Basic Life Support. Шұғыл көмек. Төтенше жағдайлар кезінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізу техникасы».
Таңдалған тақырыптың өзектілігі кенеттен болатын жүрек-қантамыр ауруларының кең таралуымен және алғашқы көмекті дер кезінде көрсетудің аса маңызды болуымен байланысты. Базалық жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын меңгеру медициналық қызметкерлер келгенге дейін зардап шеккен адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Бұл тақырыпты тек болашақ медицина мамандары үшін ғана емес, басқа да бағыттағы білім алушылар үшін маңызды етеді.
Іс-шара барысында спикер Кемелханов Н.Т. шұғыл көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін таныстырып, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу алгоритмдерін егжей-тегжейлі түсіндірді, төтенше жағдайларда әрекет ету реттілігіне ерекше назар аударып, алғашқы көмек көрсету кезінде жиі кездесетін қателіктерді атап өтті.
Форум жұмысына медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенттері мен оқытушыларымен қатар, университеттің басқа факультеттерінің өкілдері де қатысты. Атап айтқанда, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының өкілдері — п.ғ.к., доцент К.Ш. Молдасан және Молдасан Қуаныш Шорманқызы қатысып, іс-шараның пәнаралық сипатын және оның кең академиялық аудитория үшін маңыздылығын көрсетті.
Қатысушылар талқыланған тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, пікірталасқа белсенді қатысып, ЖӨР дағдыларын тәжірибеде қолдану, әртүрлі клиникалық жағдайларда көмек көрсету ерекшеліктері, сондай-ақ автоматты сыртқы дефибрилляторларды пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Талқылау мазмұнды әрі белсенді түрде өтті.
Іс-шара қатысушылардың кәсіби білімін кеңейтуге, практикалық даярлық деңгейін арттыруға және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.