- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тілдік білім берудің инновациялық парадигмалары: «Фараби әлемі» конференциясының №5 секциясының қорытындылары
Тілдік білім берудің инновациялық парадигмалары: «Фараби әлемі» конференциясының №5 секциясының қорытындылары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында №5 «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация» секциясы өз жұмысын табысты өткізді. Секция жұмысына Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарынан, соның ішінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Қазақ-Америка университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті және т.б. білім ордаларынан келген жас зерттеушілер қатысты. Барлығы 13 өтінім қабылданып, отырыс барысында 11 баяндама тыңдалды.

Секция модераторлары – түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті м.а. Ж.Т. Таубаев пен доцент м.а. М. Жамбылқызының жетекшілігімен өткен отырыс жоғары ғылыми деңгейде ұйымдастырылды. Баяндамаларда лингводидактиканың инновациялық тәсілдері, жасанды интеллектіні тіл үйретуде қолдану ерекшеліктері және жаһандану дәуіріндегі мәдениетаралық диалогтың рөлі қарастырылды.Секция қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
I дәрежелі диплом - Құдайберген Шұғыла (А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты), «Использование ИИ для анализа художественного диалога в обучении английскому языку» тақырыбындағы зерттеуі үшін.
II дәрежелі дипломдар:
- Игберлинова Елнұра (Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті);
- Ни Анастасия (Қазақ-Америка университеті).
III дәрежелі дипломдар:
- Юссупов Әлемхан (А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты);
- Жұмақанова Айзере (М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі);
- Рамазанова Мадина (А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты).

Секция жұмысы жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін және қазіргі филология ғылымындағы әдістемелік бағыттардың маңыздылығын айқын көрсетті.
Жамбылкызы М., Таубаев Ж.Т.,
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар