«Мықты денсаулық және әл-ауқат» атты бірлескен көшпелі іс-шара — ҚазҰУ

91ý

«Мықты денсаулық және әл-ауқат» атты бірлескен көшпелі іс-шара

9 сәуір 2026
«Мықты денсаулық және әл-ауқат» атты бірлескен көшпелі іс-шара

2026 ж. сәуірдің 9 жұлдызында  шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Ә.К. Шаяхмет және “Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің операторы А.А. Каденова университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында «Мықты денсаулық және әл-ауқат» атты бірлескен көшпелі іс-шара өткізді.

Қаракемер жерінде өткізілген іс-шараға жергілікті тұрғындар, оқушылар, жұмыскерлер қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ағылшын тілін оқып жүрген 1-курс студенттері өз қолымен дайындаған суреттері мен плакаттары мемлекеттік мекемесіне әрі қарай қолданылу үшін сыйға тартылды. Ұйымдастырушылар мықты денсаулық пен әл-ауқаттың маңыздылығы туралы, олардың әр адамның өміріне қатыстылығы жайында көптеген ақпараттар берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру жолдары туралы қойылған сұрақтарға жергілікті тұрғындар жауаптарын тауып, өз ойларымен бөлісті. Әрбір қатысушы осындай көшпелі форматтағы іс-шаралардың қолайлығы туралы, заманауи ақпарат естігендеріне ризашылығын білдіріп, қолдауларын көрсетті.