Инновациялық жобаларға басымдық берілді — ҚазҰУ

91ý

Инновациялық жобаларға басымдық берілді

14 сәуір 2026
Инновациялық жобаларға басымдық берілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев JJZD Integrated Housing CO., LTD компаниясының директоры Ван Сянвуды қабылдады.

Кездесуде тараптар университет пен компания арасындағы серіктестікті нығайту, тәжірибе алмасу және заманауи технологияларды енгізу бағыттарын талқылады. Екі тарап болашақта бірқатар нақты жобаларды қолға алып, өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың қытай компанияларымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаларына тоқталып, олардың білім мен ғылымды дамытудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ университеттің халықаралық серіктестікті нығайту бағытындағы бастамалары мен жетістіктері туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Ван Сянву ҚазҰУ-мен ынтымақтастық орнатуға жоғары қызығушылық танытты. Ол университеттің ғылыми әлеуеті мен кадрлық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды жүзеге асыру екі тарап үшін де тиімді болатынына назар аударды. Компания тарапынан заманауи технологиялармен бөлісу және тәжірибе алмасуды ұсынды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі