- Басты бет
- Жаңалықтар
- Магистранттар Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Гази университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті
Магистранттар Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Гази университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті
12 сәуір 2026
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 7М05203–География, 7М01505–География, 7М07304–Жерге орналастыру, 7М07305–Кадастр білім беру бағдарламаларының 2 курс магистранттары 2026 жылғы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Гази университетіне шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

Аталған ғылыми іссапардың мақсаты – магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, халықаралық тәжірибе алмасу, сондай-ақ география, жерге орналастыру және кадастр салаларындағы заманауи әдістер мен технологияларды меңгеру болды. Сапар барысында магистранттар Гази университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, ғылыми семинарлар мен дәрістерге қатысты, зертханалық жұмыстар жүргізді және өздерінің ғылыми жобаларын талқылады.


Сонымен қатар, магистранттар Түркиядағы жер ресурстарын басқару, кадастрлық жүйе, аумақтық жоспарлау және географиялық зерттеулердің ерекшеліктерімен танысты. Бұл тәжірибе олардың кәсіби біліктілігін арттырып, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар
20 маусым 2026
20 маусым 2026