Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі
2026 жылғы 11 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы» атты іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Заң факультетінің атынан кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін ұйымдастырып білім алушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және жастар арасында ұлттық бірегейлікті нығайту болды. Мерекелік бағдарлама барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, дәстүрлі әндер орындалып, қазақ халқының әдет-ғұрыптары таныстырылды. Сонымен қатар, ұлттық тағамдарға толы ақ дастархан жайылып, қатысушыларға Наурыз мерекесінің шынайы атмосферасы ұсынылды.
Іс-шараның өтуіне кафедра меңгерушісі Қуаналиева Гульдана Амангельдиевнаның қолдау көрсетуімен ерекше мән берілді. Ол өз сөзінде Наурыз мерекесінің қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, студенттерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.
Мерекелік шара білім алушылар мен оқытушыларға ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған мазмұнды іс-шаралардың бірі болды.